2 млн. тұрғынға есептелген Астананың жаңа жоспарына байқау жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімдігі 2 млн. тұрғынға есептелген елорданың жоспарын әзірлеуге халықаралық байқау жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз 2 миллион тұрғынға есептелген Астананың жоспарын әзірлеу бойынша халықаралық байқауды жүргізіп жатырмыз»,-деді қала әкімі Әсет Исекешев «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық барысына және Астананы дамытуға арналған кеңесте.

Оның сөзіне қарағанда, жаңа тұжырымдама қала құрылысын полицентристік ұстаным бойынша қарастырады.  Жоспарланған 7 аудан болады, олардың әрқайсысының орталығы жасақталады.

«Сонымен қатар біз елорда аумағын игеру тұрғысында қадамдарды түбегейлі өзгертуді ұсынамыз. Біз шекараларды айқындадық, осы орайда 22 мың гектар  ескерілген. 2025 жылға дейін инженерлік, көліктік, әлеуметтік инфрақұрылым қамтамасыз етіледі. Біз құрылысты  тек осы аумақ ішінде қамтамасыз етуді ұсынамыз, осында 40 млн. (шаршы метр) баспана салып, 2 млн. тұрғынды орналастыру мүмкіндігі бар»,-деді әкім.

Соңғы жаңалықтар