2 млн теңге параның ісі: Прокурор мен тергеушіге сот үкімі шықты

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -   Оңтүстік Қазақстан облысында аса ірі көлемде пара алу барысында ұсталған экс-прокурор мен экс-тергеушіге сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Абай аудандық соты облыстық прокуратураға қарасты арнайы басқарманың бұрынғы прокуроры Ниязов пен Абай аудандық полиция бөлімінің бұрынғы тергеушісі Аманқұловты айыпты деп таныды.

Облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, тергеу және сот отырысы кезінде айыпталушы Ниязовтың қылмысы толығымен дәлелін тапқан. Ол Қылмыстық кодекстің  24-бабы 3-бөлігі («Қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға оқталу») және 366-бабының 3-бөлігі, 1, 2-тармақтары («Пара алу») бойынша кәнілі деп танылды. Сот экс-прокурорды 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесіп, құқық қорғау органдарында қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырды. Сонымен қатар мүлкі тәркіленіп, жазаны қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеу белгіленді. Айыпталушы сондай-ақ ҚР Бас прокурордың бұйрығымен «Әділет кеңесшісі» сыныптық шенінен де айырылды.

Экс-тергеуші  Аманқұлов та аға лейтенант шенінен айырылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды.  Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейтін болды.

Естеріңзге сала кетейік, прокурор мен тергеуші кәсіпкерден  2 млн теңге көлемінде пара алу кезінде Бас прокуратураның Ішкі тергеу департаментінің және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл бюросының қызметкерлерімен ұсталған болатын. Тергеу барысында параны салық төлеуден жалтарған ЖШС басшылығын жауапқа тартпау үшін алғаны белгілі болды. 

Соңғы жаңалықтар