2,6 мың долларды ұрлаған күдікті пойызда ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында  сырт киімнің қалтасынан қомақты қаржыны жымқырған күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, Жамбыл ауданындағы сауда үйлерінің біріндегі киім ілетін бөлмеден қомақты қаржы жоғалған.  Белгісіз біреу сырт киімнің қалтасында тұрған 2,6 мың доллар ақшаны ұрлап кеткен. Күдікті бейнебақылау камерасы арқылы анықталды.

Полицейлер жолаушы ретінде еліміздің солтүстігіне кетіп бара жатқан күдіктіні пойызда қолға түсірді. Анықталғандай, ұсталған азамат бұған дейін бірнеше рет сотталған Ұзынағаш ауылының тұрғыны екен. Қазір аталған факті бойынша іс қозғалып, тергеу жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар