1944 жылы марапатталған ҰОС ардагеріне «Даңқ» ордені бүгін тапсырылды - Павлодар

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Бүгін Павлодар қаласындағы «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінде Ұлы Отан соғысының ардагері Михаил Черный ІІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталды.

 Мәртебелі марапатты Ресей Федерациясының Өскемендегі бас консулы Сергей Анненков табыс етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Консулдың айтуынша, қан майдандағы батырларымыздың көрсеткен ерлігі үшін берілетін бұл орден Михаил Черныйдың кеудесіне 1944 жылы тағылуы керек еді. Бірақ белгісіз себептермен медаль иесін таппаған. - Ұлы Отын соғысында ерекше ерлі көрсеткен жерлестеріңізге қалай құрмет көрсетсек те көптік етпейді. Михаил Павлович бұл орденді көп күткенін білеміз. Сол арманы міне бүгін орындалып отыр. Орден Ресей Федерациясының мемлекеттік мұрағатынан табылды. Ең бастысы, көзінің тірісінде кеудесіне қададық. Батырға соғыста көрсеткен өшпес ерлігі үшін алғыс айта отырып, зор денсаулық тілеп, балаларының қызық-қуанышына бөлене беруін тілейміз, - деді Сергей Анненков.

Айта кетейік, Михаил Черный Кеңес әскерінің қатарына 1943 жылы 7 қарашада шақырылған. 1944 жылы Беларусь майданында шайқасып, осы жылдың маусым айында «Багратион» әскери операциясына қатысқан. Соғыс аяқталған соң еліне аман оралып, 50 жылдан астам салық саласында еңбек етті. Майданда көрсеткен жанқиярлық еңбегінің арқасында І дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденімен, «Ерлігі үшін» және «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. Өз кезегінде сөз алған соғыс ардагері жоғалған орденнің табылуына ұйытқы болған азаматтарға алғысын айта отырып, барлық қазақстандықтарды ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен құттықтады. 

Соңғы жаңалықтар