1942 жылы латын әліпбиімен жазылған хат көрмеге қойылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау тарихи-өлкетану музейінде латын графикасымен жазылған құжаттар экспозициясы ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Бұрыннан сақталып келе жатқан құжаттардың біраз бөлігі тарихи мәнге ие, сондықтан оларды оқу тарихтың әзірге белгісіз беттерін ашуға септігін тигізеді. Папкалардың бірінен бірегей құжатты таптық. Ол - майданда жүрген Шоқан Қаржауовтың жұбайына жазған хаты. Хат 1942 жылы жазылған. Бұл қазақтардың кириллицаға өткен 1940 жылдан кейін де өздеріне үйреншікті латын жазуын қолдана бергенін дәлелдейді», - дейді музей директоры Рашида Харипова.

Көрмеден: латын графикасымен жазылған партиялық конференция делегатының мандаты мен комсомол билетін, диплом, құрмет грамотасы, кітап сияқты экспонаттарды тамашалауға болады.

Музей қызметкерлерінің пікірінше, қырқыншы-елуінші жылдары жасырылған латын графикасымен жазылған құжаттар архивтердің түкпір-түкпірлерінде әлі де көптеп табылуы мүмкін. Қорлардан латын графикасындағы құжаттарды іздеу арқылы ғалымдар тарихтың белгісіз беттерін ашуға үміттеніп отыр. Оның үстіне, бірнеше жылдан соң осы құжаттардың барлығы елге ұғынықты болады.



Соңғы жаңалықтар