19 жастағы қостанайлық бойжеткен көпқабатты үйден секіріп кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда 19 жастағы бойжеткен көпқабатты үйдің төбесінен секіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыстық ІІД баспасөз қызметі растады. Оқиға Қостанайдағы Әл-Фараби көшесінде болған.

«Көпқабатты үйдің төбесінен секіріп кеткен 19 жастағы қызға қатысты сотқа дейінгі тексеру шаралары жүргізілуде. ҚР ҚК 105-бабы 1-бөліміне сәйкес («Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу») іс қозғалды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Полицейлер оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр. Тиісті сараптамалар жасалды.

Соңғы жаңалықтар