19 мамыр күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 19 мамыр күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу ұсынады.

АСТАНА

Сағат 10.00-де Мемлекет басшысының «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында Kobyz Palac-та Citysmart Club компаниясының тұсаукесері өтеді.

Сағат 11.00-де «Нұр Отан» партиясы орталық аппаратында NUR OTAN  LECTURES  кезекті ашық жалпыхалықтық дәрісі «Мемлекет микрокредитін қалай алуға болады?» тақырыбына арналады.

Сағат 11.00-де Астананың триатлон-паркі аумағында триатлоннан ITU World Cup Astana 2018 әлем кубогы басталады.

Сағат 19.00-де «Қазақстан» орталық концерт залында Астана мен ҚазҰӨУ-дің 20 жылдығына орай халықаралық екінші Eurasia stars фестивалі аясында симфониялық концерт өтеді.

Сағат 19.00-де MEGA Silk Way сауда ойын-сауыұ орталығында триатлоннан BI GROUP IRONMAN 70.3 Astana халықаралық жарысының еріктілері үшін Dance Fest би конкурсы болады.

АЛМАТЫ

Сағат 08.00-де Орталық мәдени және демалыс паркінде Алматы Марафон аясындағы спорттық шара - жасөспірім желаяқтар үшін балалар арасында жүгіру басталады.

Сағат 09.00-де Forbes тізіміндегі ТОП-бизнесмендермен үлкен теннистен кездесу өткізеді.

Са,ат 09.00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан халықтары Ассамблеясының қолдауымен корей мәдениетінің фестивалі мен ғылыми форум өткізіледі. Оған Солтүстік және Оңтүстік Кореядан, сондай-ақ, өзге де алыс және жақын шетелдерден қонақтар келеді.

Сағат 09.00-де «Иналка Евразия» трансұлттық компаниясының ет комбинаты құрылысының іргетасы қаланады. Оған еліміздің ауыл шаруашылығы вице-министрі А.К. Евниев пен Қазақстан Ет одағының өкілдері қатысады деп күтілуде.

«Алаш» стадионында сағат 10.00-де ДОСААФ қызметші иттерді өсіру орталығы кезекті (САС дәрежесімен - Certificat d'Aptitude au Champion) халықаралық «Тянь-Шань-2018» барлық ит тұқымдарының көрмесін өткізеді.

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Сағат 11.00-де Петропавлдің орталық алаңында төтенше жағдайлар департаменті мамандары арасында өрт сөндіру саласы бойынша облысаралық біріншілігі басталады. ОндаАқмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары төтенше жағдайлар департаменті мамандары бақ сынайды. Аталмыш шара өрттен қорғау қызметінің 100 жылдығына арналған.  

АТЫРАУ

Сағат 19.00-де  Сұлтан Бейбарыс алаңында Н.Жантөрин атындағы филармония ұжымының «Астанаға арнау» атты гала-концерті өтеді.

Сағат 19.00-де Халық шығармашылығы орталығының ғимаратында астаналық «Жастар» театрының қойылымы өтеді.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Академиялық есуден ересектер және жастар  арасындағы ҚР  Кубогының  салтанатты ашылу өтеді.

ҚЫЗЫЛОРДА

Сағат 11.00-де Н.Бекежанов атындағы облыстық драма театрында Сая Қасымбектің «Қиял қуған Зу көжек» балалар спектаклі болады. 

Авторы: Әділжан Үмбет

Соңғы жаңалықтар