19 қазанға арналған ауа райы болжамы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенбі, 19 қазан күні Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде қар түріндегі жауын-шашын күтіледі.

Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жауын-шашын мол жауады, жауын-шашынсыз күн райы тек батыста болжанып отыр. Кей аймақтарда сондай-ақ, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, 15-23 м/с жылдамдықта жел тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Жамбыл облысының жекелеген жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, 15-20 м/с-пен соққан желдің екпіні 23 м/с-қа жетеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, 15-20 м/с жылдамдықтағы жел 23 м/с-қа күшейеді.

Батыс Қазақстан,  Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Солтүстік  Қазақстан, Павлодар облыстарының жекелеген аумақтарында көктайғақ, бұрқасын болып, 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, желдің екпіні - 15-20 м/с.

Алматы облысының жекелеген аумақтарында тұман, көктайғақ, 15-20 м/с жылдамдықта жел болжанады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. 

 

Соңғы жаңалықтар