19 қазандағы маңызды оқиғаларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 19 қазан күні республика аумағында өтетін маңызды шараларға шолуды ұсынады.

Астанада таңертеңгі сағат 09:30-да «Мемлекеттік қызметтерді дамыту саласындағы Қазақстанның тәжірибесі: міндеттер мен шешімдер» тақырыбында семинар өтеді. Ұйымдастырушы - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Аймақтық хаб  шарасы барысында бірқатар тұсаукесерлер өтіп, пікір алмасулар ұйымдастырылып, ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-на бару жоспарланған.

Дәл сол уақытта (09:30) жыл сайынғы CREW (Commercial Real Estate Week) коммерциялық жылжымайтын мүлік апталығы аясында «CRE Central Asia-2017» мүліктері бойынша Орталық Азиялық форум ұйымдастырылады. Онда Қытай, Сингапур, Ұлыбритания, Канада елдерінің сарапшылары және Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев қатысады. Шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Kazakhstan Networking Partners бастамасы бойынша өткізіледі. 

Сағат 9:30 уақытында «Семей-Яп» қоғамдық қоры ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ақпарат және архив Комитетінің «ҚР Ұлттық архиві» РММ-мен бірлесе республикалық конференция өткізеді. Конференция Семейдегі атом қаруы сыналған полигонның жабылауының 26 жылдығына арналады.

Сағат 09:30-да С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті ҚР Парламент Мәжілісінің аграрлық салаға жауапты депутаттарымен көшпелі тематикалық отырыс өткізеді. Шараның тақырыбы - АӨК саласын сандық жүйеге көшіру.

Сағат 10:00 кезінде Парламент Сенатында «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы», «2018-2020 жылдардағы ҚР Ұлттық Қорынан кепілдендірілген трансферті туралы», «Бюджеттік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша ҚР заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары таныстырылады.

Сағат 10:00 уақытында Астана қалалық Кәсіпкерлер палатасының құқық қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңесінің кезекті отырысы өтеді. Шараның өтетін орыны - Астана қаласы Достық көшесі 18.

Сағат 12:20 уақытында ОКҚ-да денсаулық сақтау саласын сандық жүйеге өткізуге арналған баспасөз мәслихаты өтеді. Жиында электронды денсаулық сақтау жүйесін дамыту жолындағы сұрақтар сараланады.

Сағат 15:00 уақытында ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде «Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған вагондармен қамтамасыз ету» атты брифинг ұйымдастырылады. Брифингте спикер ретінде ҚР ИДМ көлік комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Потлов, ҚР ИДМ темір жол көлігі Басқармасының жетекшісі Нұрбек Қабижан шығады.

Сағат 15:00 кезінде ҚР Ұлттық музейінде «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіруге арналған «Ұлы дала болашағына қадам - латын әліпбиі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылады. Шараға бірқатар қоғам қайраткерлері мен ғалымдар қатысады.

Сағат 16:00 кезінде ҚР Ұлттық музейінде мексикалық атақты суретші Роджер фон Гунтеннің «Eden» көрмесі ашылады. Көрме Қазақстан Республикасы мен Мексика Құрама Штаттарының қарым-қатынасының 25 жылдығына арналып отыр. Көрмеде суретшінің өмір жыл бойы салған 20-ға жуық туындысы қойылады.

Сағат 17:00 кезінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюрода «2017 жылдың 9 айындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысының қорытындысы туралы» брифинг өтеді.

Сағат 17:00 уақытында Астананың М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында этномәдени бірлестіктердің жас буынының арасында «Тіл - достықтың алтын көпірі» атты байқау ұйымдастырылады. Ұйымдастырушы - Қазақстан халқы ассамблеясы.

Сағат 21:00 кезінде «Астана Арена» стадионында Еуропа Лигасының топтық турындағы үшінші матч (Астана - Маккаби) өтеді. 

19-20 қазан күндері Астанада «Ғарышқа бағыт алған Қазақстанның жолы» атты Халықаралық форум өтеді. Шара сағат 10:00 уақытында Астана қаласы Рысқұлов көшесіндегі «Wyndham Garden Astana» басталады.

19-20 қазан күндері «Назарбаев университеті» АҚҚ медицина мектебінің ғимаратында халықаралық «Ана мен баланың денсаулығын сақтауға қатысты маңызды мәселелер» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Конференция сағат 08:30 уақытында басталады.

Соңғы жаңалықтар