19 қаңтар күні қандай маңызды шаралар өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 19 қаңтар күні өтетін маңызды шаралар легін ұсынады.

Астана қаласы

Сағат 10.00-де Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында «Мемлекет басшысының 2018 жылғы Жолдауы - сыбайлас жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі, сондай-ақ 2017 жылғы сот жүйесінің сапалық көрсеткіштері» деген тақырыпта баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 11.00-де Орталық коммуникациялар қызметінде «Әкімшілік мемлекеттік қызметшілер үшін еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу («100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 5 және 6-ыншы қадамдарын жүзеге асыру» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 12.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде «ҚР Салық кодексі туралы» Заңды түсіндіру бойынша баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 15.00-де Орталық коммуникациялар қызметінде «International Education Fair 2018» халықаралық білім көрмесіне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 15.00-де әскери-тарихи музейде «Қытай бүгін» фотокөрмесі ашылады. Онда Қытайдың жетістіктері, әскери реформа нәтижелері, Қазақстан мен Қытай арасындағы әскери ынтымақтастық және басқа мәселелер көрініс табады. Ашылу рәсіміне Қытай Халық Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары әрі Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Ханьхуэй қатысып, сөз сөйлейді.

Сағат 15.00-де ҚР Ұлттық кітапханасында Елбасы Жолдауы бойынша «Болашаққа болжам - Жолдауды қолдау» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы болады. 

Алматы қаласы

Сағат 09.00-де Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ҚР Денсаулық сақтау, Білім және ғылым министрліктері, БҰҰ балалар қоры (ЮНИСЕФ) және Bilim Foundation қоғамдық қорының қолдауымен психикалық денсаулықты нығайту және жасөспірімдер арасында суицидті болдырмау мәселелеріне арналған бірінші халықаралық конференция өтеді.

Сағат 11.00-де Қазақстан қор биржасы (KASE) дәстүрлі баспасөз мәслихатын өткізіп, онда биржа нарығының 2017 жылғы негізгі көрсеткіштері мен биылға арналған даму стратегиясын жүзеге асыру жоспарын жария етеді.

Соңғы жаңалықтар