18 мамырда ел аумағында ауа райы құбылмалы болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты 18 мамырда Қазақстанның  барлық  аймақтарында ауа райы құбылмалы болады,  кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, тұман, жел күшейеді, оңтүстікте жел тұрып, шаң көтеріледі. Тек солтүстік, солтүстік-шығыс және шығыста жауын-шашынсыз.

Қазгидрометтің хабарлауынша, Қызылорда облысының  кей жерлерінде  жел 15-20 м/с күшейеді,  екпіні шаңды дауылмен 23 м/с болады, бұршақ  жаууы мүмкін.

Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде бұршақ күтіледі, жел 15-20, екпіні 23 м/с.  

Қостанай обылысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал, күндіз желдің жылдамдығы  18 м/с жетеді. Алматы облысының кей жерлерінде бұршақ күтіледі. Жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды, түнде  Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел тұрып,  жыдамдығы 15-20 м/с жетеді.

 Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерінде тұман  түсуі мүмкін.

Түнде Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 1-6 градус үсік жүреді.

 Күндіз Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар