18 қарашада өтетін Қазақстандағы маңызды оқиғаларға шолу

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 18 қараша күні өтетін Қазақстандағы маңызды оқиғаларға шолуды ұсынады.

АСТАНА

17:30-да Парк Инн отелінде «Welcome to Astana» ақпараттық туры шеңберінде шетелдік туристерге және шет ел туроператорларына қызмет ұсынуға мамандандырылған отандық туроператорлардың қатысуымен  «Workshop» («дөңгелек үстел») өткізіледі.

ӨСКЕМЕН (18-19 қараша)

19:00-да Металлургтер мəдениет сарайында «ҚР Мемлекеттік академиялық би театры» РМКК «ЭКСПО-2017»  халықаралық мамандандырылған көрмесінің мəдени бағдарламасы шеңберінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша гастрол өткізеді.

СЕМЕЙ (18-19 қараша)

Киокушинкай-кан  каратэ бойынша Шығыс кубогі үшін халықаралық турнир өтеді.

РИДДЕР (18-19 қараша)

Жасанды рельфте туристік көпсайыс бойынша Шығыс Қазақстан облысының біріншілігі өтеді.

БУРАБАЙ

10:00-де «Қазақстандық Лапландия» ертегі-мұз қалашығында қысқы маусымның ашылуы салтанаты өтеді.

Соңғы жаңалықтар