18 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болып, жел күшейеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады. Тек батыста, оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с-ға жетеді деп күтіледі.

Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын және 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, таңертең және күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді.

Павлодар облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді, күндіз кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, күндіз  желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді.

Атырау, Батыс Қазақстан, түнде Алматы облыстарында тұман күтіледі.

Соңғы жаңалықтар