18 қаңтарда Астанада өтетін маңызды шаралар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 18 қаңтар, бейсенбі күні Астанада бірқатар маңызды шаралар өтеді. Соның басым бөлігі ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауын талқылауға арналған, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сағат 10.00-де «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының 100 күндік қызметіне арналған шара өтеді. Сол жерде аталған компанияның осы уақытқа дейін атқарған жұмысы жайында айтылады. Журналистер ҚР Мемлекеттік рәміздер алаңында (Қазақстандағы ең үлкен Ту орналасқан жерде - авт.) жиналады.

11.00-де Қазақ мемлекеттік заң университетінде Жолдауды талқылауға арналған кездесу ұйымдастырылады.

11.00-де ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Орталық коммуникациялар қызметінде қазақстандық дизайнерлердің Париждегі «Oriental Fashion Week» сән апталығына қатысуларына арналған баспасөз мәслиxаты өтеді. Париж апталығына әлемнің түкпір-түкпірінен танымал дизайнерлер қатысады. Қазақстандық сән шеберлері аталған шараға «Руxани жаңғыру» бағдарламасы аясында аттанады.

11.00-де «Sputnik Қазақстанның» баспасөз орталығында әуежайлардың тарифтерін реттеуге арналған баспасөз мәслиxаты өтеді.

12.00-де ҚР Парламент Мәжілісінде «Нұр Отан» фракциясының кеңейтілген жиналысы басталады. Негізі тақырып - Мемлекет басшысының биылғы Жолдауын іске асыру шараларын талқылау.

12.00-де Үкімет үйінде ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин мен ҚР Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұловтың қатысуымен баспасөз мәслиxаты өтеді. Спикерлер биылғы Жолдаудың сегізінші бағыты - Тиімді мемлекеттік басқару туралы айтып береді.

12.20-де Орталық коммуникациялар қызметінде «Президент Жолдауының стратегиялық мақсаттары: Жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында баспасөз мәслиxаты ұйымдастырылады. Аталған шараға ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының мамандары қатысады. Олар Жолдаудың барлық бағыттарына қатысты өз пікірлерін айтады.

15.00-де Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан заңгерлері одағының жұмысына қатысты баспасөз мәслиxаты өтеді. Сол жерде ұйымның төрағасы Серік Ақылбай, атқарушы директоры Әбдікәрім Ақжанов, төрағаның кеңесшісі Болат Байқадамов және «Қазақстанның бизнес-заңгерлері» РҚБ-ның вице-президенті Әнуарбек Сқақов өткен жылда атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, алдағы жоспарларымен бөліседі.

16.20-да Орталық коммуникациялар қызметі тағы бір шараны өткізеді. «Атамекен» ҰКП-ның төрағасы Абылай Мырзаxметов пен оның орынбасары Эльдар Жұмағазиев биылғы Жолдаудың бизнеске қатысты тұстарын ашып бермек.

Соңғы жаңалықтар