17 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 17 желтоқсан күні республика аймақтарында жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Алматы облысының Алакөл ауданында желдің екпіні 18-23 м/с күшейеді, күндіз 28 м/с жетуі ықтимал. Түнде кей аумақтарда тұман болады.

Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. 

Соңғы жаңалықтар