17 қыркүйек күні Лас-Вегаста Головкин - Альварес айқасы өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Он күнен кейін Лас-Вегастағы T-Mobile Arena алаңында орта салмақтағы үлкен жекпе-жек өтеді, деп хабарлайды Sports.kz.

16 қыркүйекте Геннадий Головкин мексикалық боксшы Сауль Альвареспен жұдырықтасады. Осы жекпе-жекте Альварес GGG-дің тек екі атағы - WBA мен IBF белбеулері үшін ғана таласады. Головкин ұтылып қалса, оның тағы екі белбеуі - WBC мен IBO бос қалып, оны басқа боксшылар өзара сарапқа салады. Ал қазақстандық боксшы жеңіске жетсе, төрт белбеуіне тағы The Ring журналының арнайы белбеуін қосып алады. Аталған басылым оны арнайы Альварес үшін шығарған болатын.

Уақыт айырмашылығына байланысты Қазақстанда жекпе-жектің тікелей көрсетілімі 17 қыркүйек күні таңертең көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар