17 қаңтарда елдің басым бөлігін тұман басады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 17 қаңтар күні республиканың басым бөлігінде ауа райы  жауын-шашынсыз болады, тек шығыс аумақта қар жаууы ықтимал. 

Кей жерлерде тұман болып, жел күшейеді, оңтүстік-шығыстың жекелеген аумақтарында бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарын тұман басып, желдің екпіні 15-20 м/с-қа артады. 

Ақмола, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды,  Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Соңғы жаңалықтар