17 қаңтар күні өтетін маңызды оқиғаларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 17 қаңтар күні елімізде өтетін маңызды оқиғаларға шолу жасайды.

АСТАНА

Сағат 09.30-да ҚР Президенті істерінің басқармасы медициналық орталығының жаңа балабақшасы ашылады. Салтанатты шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова қатыстады.

Сағат 10.00 -да ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы өтеді

Сағат 15.00-де  Astana Marriott Hotel «Репродуктивті медицинада жаңашылдық: аз шығынсыз экстракорпоральді ұрықтандыру және обыр дертіне шалдыққандардың жүктілігін сақтау» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның ашылуы өтеді.

Сағат 19.00-де «Астана Опера» камералық залында театрдың тамаша орындаушылары мен виртуозды аспапшылары тыңдармандарына  «музыкалық фейерверк» шығармаларын ұсынады.

 АЛМАТЫ

Сағат 10.00-де «Риксос» қонақ үйінде қазақстандық автомобиль қауымдастығы қызметінің 2017 жылғы сатылым қорытындысына арнаған  баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 15.00-де  «Нұр Отан» партиясының кеңесінде Мемлекет басшысының Жолдауы аясында мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама беру, кезекке тұру үрдістерін автоматтандырудың басталуына арналған  баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 17.00-де  Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік мұражайдың көрме залында Алан Мұхитдинов және Әлібек Қарағайдың «Екі әлем-екі тағдыр» суретші-аутистер көрмесінің ашылуы болады.

Соңғы жаңалықтар