16 жыл бойы қашып жүрген қылмыскер ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының құқық қорғаушылары 2001 жылдан бері қашып жүрген қылмыскерді қолға түсірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

СҚО ІІД баспасөз қызметінің келтірген мәліметіне сәйкес, Тайынша ауданында 2001 жылы үйлердің біріне белгісіз біреулер басып кіріп, 3 миллион теңгенің тауарын қолды еткен. Тәртіп сақшылары сол тұста-ақ шабуылға қатысқан алты адамды бірден тұтқындағанымен, фигураттардың бірі із суытып кеткен.

«2017 жылдың желтоқсан айында СҚО ІІД Қылмыстық полиция басқармасының қызметкерлері Шымкент қалалық ІІБ-дағы әріптестерімен бірге жедел іздестіру жұмыстарын жүргізді. Бірлескен шара барысында іздеуде жүрген адам ұсталып, уақытша оқшаулағышқа қамалды», - деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметінен.

СҚО ІІД Қылмыстық полиция басқармасының бастығы Петр Климовтың айтуынша, 2017 жылы облыс аумағында іздеуде жүрген 103 қылмыскердің 88-і ұсталған. Қазіргі уақытта әлі де 39 қылмыскер іздестірілуде. Жедел іздестіру шаралары барысында ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандар ұсталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар