16 жастағы Әлфия Ерсайын «Атырау аруы-2017» атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 16 жастағы студент Әлфия Ерсайын «Атырау аруы-2017» титулын жеңіп алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Ол «Қазақстан аруы-2017» байқауында өз қаласының намысын қорғайды», - деп хабарлады ұлттық конкурстың ұйымдастырушылары Инстаграмдағы парақшасында.

Бойжеткен Атырау гуманитарлық колледжінің 2-курс студенті. Әлфияның әлеуметтік желідегі парақшасына қарағанда, ол үнемі әртүрлі сұлулық байқауларына қатысып тұрады. Осы жылдың басында өз колледжінде ең әдемі қыз болып танылса, өткен жылы - «Атырау аруы-2016» байқауының үздік ондығына кірген еді. Қазіргі таңда модельдік бизнесте жұмыс істеп жатыр. 

null null null null 

Соңғы жаңалықтар