16 жастағы ақмолалық кір тасын көтеруден екі дүркін Қазақстан чемпионы атанды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат -Ақмолалық кір тасын көтеруші Әлібек Жанболат екі дүркін Қазақстан чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің дерегі бойынша, Павлодар облысында өткен кір тасын көтеру бойынша ҚР Чемпионатында 16 жасар ақмолалық жарыс жеңімпазы атанды.

Еліміздің әр өңірінен жиналған 200 спортшының арасында 73 келі салмақ бойынша сынған түскен 16 жасар Әлібек Жанболат үздік нәтиже көрсетіп, екі дүркін ел чемпионы атанды. Целиноград ауданындағы балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінде тәрбиеленетін Әлібекті әкесі Асхат Әшімов жаттықтырады.

Сонымен қатар, жарысқа қатысқан өзге ақмолалықтардың арасында 95 келіден жоғары салмақта Николай Щербинин және 53 келі салмақта Андрей Дулин екінші орын алды. Ал, Андрей Гудым (63 келі салмақта), Павел Захарчук (78 келі салмақта) және Роман Корж (53 келі салмақта) үшінші орыннан көрінді.

Спортшыларға Бахтияр Жұмабеков, Сергей Прохоров, Салтант Халибек және Сергей Архипов жаттықтырады.

«Спортшыларымыздың жетістігіне көңілім толды. Мықты жаттығудың арқасында осындай жетістікке қол жеткізіп отырмыз», - деді жаттықтырушы С.Прохоров.

Соңғы жаңалықтар