16 тамызда ел аумақтарының басым бөлігінде күн ашық болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 16 тамызда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым аймақтарында күн ашық болады, тек республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысында жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, бұршақ, дауыл болуы мүмкін, түнде және таңертең солтүстік және орталық өңірлердің кей жерлерінде тұман түседі, деп хабарлайды Қазгидромет.

 Оңтүстік Қазақстан, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күтіледі, бұршақ жауып, дауыл болуы мүмкін.

Күндіз Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел тұрып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.

 Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

   Алматы, Кызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

   Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады. 

Соңғы жаңалықтар