16 қаңтар күні болатын маңызды оқиғаларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 16 қаңтар күні болатын маңызды оқиғаларға шолу жасайды.

Сағат 10:00-де «Үкімет үйінде» Үкімет отырысы өтеді. Күннің басты тақырыбы - 2018 жылдың 10 қаңтары күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауындағы тапсырмаларды орындау жоспарын іске асыру. Сонымен қатар, арнаулы әлеуметтік көмек көрсету мен өз-өзін жұмыспен қамтып отырғандардың жұмысын бақылау. 

Сағат 11:00-де С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы талқыланады. Жиынға Парламент Мәжілісінің аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Сапархан Омаров және қоғам қайраткерлері, білікті ғалымдар, оқытушылар құрамы және докторанттар, магистранттар, студенттер қатысады.

Сағат 15:00-де кәсіпкерлік қызметті реттеуді оңтайландыру бойынша Мәжілісте таныстырылым өтеді.

Сағат 15:00-де Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінде «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автокөлік хабарламаларын ратификациялау келісімі туралы» заң жобасы талқыланады.

Сағат 16:00-де «Mega Silk Way» СОСК мұз айдынында Қазақстан құрама командасының Пхенчхан-2018 қысқы олимпиадасына арналған киімі таныстырылады.

АЛМАТЫ

Достық үйінде сағат 10:00-де «Медиация - бейбітшілік пен келісім жолы. Мектеп медиациясының өзектілігі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтеді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасын іске асыруға арналған жиынға Алматы қалалық сотының судьясы А.Хамедова қатысады.

Сағат 11:00-де Алматы энергетика және байланыс университетінде Тұңғыш Президент атындағы қордың жас ғалымдар кеңесі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауын талқылайды.

Сағат 11:00-де Қазақстан қонақ үйінде «Ұлы жібек жолы, рухани жаңғыру, Қазақстан мен Өзбекстан ұлтының саулығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

Соңғы жаңалықтар