150 адам әуежайдағы терминал арқылы қарыздарынан құтылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 150 адам республика әуежайларында орнатылған қарыз төлеу терминалдары арқылы берешектерін жапты. Бұл жайында ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта айтылған.

Айта кетерлігі, бүгін Үкімет үйінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының іске асырылу барысына арналған баспасөз мәслихатында Әділет министрінің орынбасары Жанат Ешмағамбетов атқару құжаттарын электрондық форматта алу және соттың қаулыларын электронды түрде санкциялау  бөлігінде Жоғарғы сот пен Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйелері біріктірілгендігін айтқан болатын.

«Атқарушылық іс жүргізулер бойынша қарыз сомасын бес халықаралық әуежайларда, атап айтқанда Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент және Ақтауда  орналасқан терминалдар мен Қазпоштаның барлық кассалық бөлімшелері арқылы төлеу мүмкіндігі іске асырылды. Аталған қызмет борышкерлерге сот орындаушысымен байланысқа шықпай қарыз сомасын төлеуге мүмкіндік берді. Жүйе өндірісті автоматты түрде тоқтатады және шығуға қойылған шектеуді 30-40 минут ішінде шешеді»,-  деді Ешмағамбетов.

Соңғы жаңалықтар