15 мамырда ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады, тек батыс, оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте шаңды дауыл, тұман, бұршақ жаууы мүмкін. 

Оңтүстік Қазақстан облысының, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде дауыл тұрады, бұршақ жаууы ықтимал, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Қызылорда  облысының  кей жерлерінде  шаңды дауыл болады, желдің жылдамдығы  15-20 м/с жетеді.

Түнде Ақмола  облысының кей жерлерінде  тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының, түнде Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, жел тұрады, жылдамдығы-15-20 м/с.

Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді.

Соңғы жаңалықтар