Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 15 °С
Алматы: 21 °С
USD 326.17 EUR 401.25
RUB 5.31 CNY 51.84
Жаңалықтар

15 қаңтарда өтетін Қазақстандағы маңызды оқиғаларға шолу

2018 жылғы 14 қаңтар 16:51 1409
Бөлісіңіз:
15 қаңтарда өтетін Қазақстандағы маңызды оқиғаларға шолу

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі 15 қаңтар күні Қазақстанда болатын маңызды шаралар тізімін ұсынады.

АСТАНА

9.30 ҚР Ұлттық музейінде «Қазақстанның сакралды географиясы» жобасы аясында ІІ республикалық форум өтеді. Шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырады.

10.00 ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптамалық жұмыс мәселелері» тақырыбында Үкімет сағаты өтеді. Баяндама жасайтын Әділет Министрі Марат Бекетаев.

15.00 Орталық коммуникациялар қызметінде «Нұр Отан» партиясының саяси сараптама және стратегиялық зерттеулер орталығының «Қазақстандықтардың әлеуметтік көңіл-күйі: 2017 жыл қорытындысы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

16.00 «HIGHVILL» тұрғын үй кешенінде «Заманауи спорт: саясат, бизнес және халықтарды біріктіру құралы» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел отырысы өтеді. Жиын барысында ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындары: ресейлік және қазақстандық сарапшылардың пікірі талқыланады.

АЛМАТЫ

15.00 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ активінің Елбасы Жолдауына арналған жиыны өтеді.

 

 


Басты сөздер: Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат