15 ақпанға арналған ауа райы болжамы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, кей жерлерде қар жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елдің оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде қатты жауады, жел күшейеді.

Кей жерлерде бұрқасын, тұман,  оңтүстік-шығыста көктайғақ күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 25  м/с жетеді.  

Шығыс Қазақстан, Алматы облысының бұрқасын болып, жел 15-20, түнде Жарма ауданында 25  м/с жетеді. Алматы облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болып, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болады, Қарағанды облысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Қызылорда, Оңтүстік  Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Соңғы жаңалықтар