15-ақпанда Қазақстанда болатын маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА Қазақстанда 15 -ақпанда болатын маңызды шараларға шолуын ұсынады.

АСТАНА

10:00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы өтеді.

11:00-де ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясында ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесінің «Тәуелсіздік дәуірі: өткенге болашақ призмасы арқылы көзқарас» жиыны өтеді. Отырыс Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын талқылауға арналған.

12:20-да Орталық коммуникациялар қызметінде Медициналық сақтандыру қорының Елбасының тапсырмаларын орындау аясындағы 2018 жылғы жұмыс жоспары жайлы баспасөз мәслихаты өтеді.

15:00-де «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы аясында қала және ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағдарламасының 2017 жылғы жұмыс нәтижесі туралы брифинг өтеді.

11:00-де Ұлттық Академиялық кітапханада «Жұмыс - қоғам әл-ауқатының факторы» тақырыбында ғылыми конференция өтеді.

16:00-де ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Экономикалық тексеру қызметінің 2017 жылғы жұмысын қорытындыламақ.

16:20-де Орталық коммуникациялар қызметінде «Патриотизм- рухани жаңғырудың берік іргетасы» атты ІІ Республикалық жас патриоттық форумы өтеді.

АЛМАТЫ

11:00-де ҚР Ұлттық кітапханасында Ермек Тұрсыновтың киноклубының ұйымдастыруымен адами капиталды дамыту бойынша дөңгелек үстел отырысы өтеді.

19:00-де «Mega Silk Way» кешенінде Монғолиядағы қазақтардың өмірінен сыр шертетін «Қиырдағы қазақтар» фильмінің тұсауы кесіледі.

ҚЫЗЫЛОРДА

Қызылорда облыстық өлкетану мұражайында «Қазақстанның киелі жерлері» жобасы аясында «Қасиетті Қазақстан және Археология» экспозициялық залы ашылады.

КӨКШЕТАУ

15:00-те Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстан ММА федерациясының президенті Анатолий Кимнің, Ақмола облысы ММА федерациясының президенті Ерлан Бөтембаевтың, ҚР ММА бойынша ұлттық құраманың бас бапкері ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы, Шавкат Рахмоновтың жеке бапкері Жанғалов Баян Маратұлының және ММА аралас жекпе-жектен әлем чемпионы Шавкат Рахмоновтың қатысуымен брифинг өтеді.

ШЫМКЕНТ

11:00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде ОҚО білім басқармасының басшысы И.Сағындықов 2017 жылдың қорытындысы бойынша баспасөз-конференциясын өткізеді.

АҚТӨБЕ

15.00-де «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «100 жаңа есім» жобасына енген ақтөбелік тұлғалардың және Ауған соғысы ардагерлерінің студент жастарымен кездесуі өтеді. Кездесудің мақсаты - жастарды рухани адамгершілік қасиеттерге баулу, өңіріміздің дамуына өз үлесін қосқан азаматтар арқылы жауапкершілігі мол жастарды тәрбиелеу.

ТАЛДЫҚОРҒАН

11.30-да облыстық әкімдікте аймақ басшысы Амандық Баталов туризмді дамыту мәселелеріне қатысты инвесторлармен кездесу өткізеді.

Кездесу барысында «Kazakh Tourizm» ҰК» АҚ қызметінің, Алматы облысының 2018-2020 жылдарға арналған Жол картасының презентациясы және облыс әкімдігі мен «Kazakh Tourizm» ҰК» АҚ арасында меморандумға қол қойылады.

15.00-де Талдықорған қаласындағы «Өркен» спорт кешенінде 2001-2003 жылы туған жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен Қазақстан Республикасы чемпионатының ашылу салтанаты өтеді.

Соңғы жаңалықтар