14 жылда 1 жарым миллион отбасы баспаналы болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017-2031 жылдар аралығында Қазақстанда 1 жарым миллион отбасы баспаналы болады. Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«2017-2031 жылдар аралығында 1 жарым миллион отбасыға үй салынады деп жоспарлап отырмыз. Соның ішінде 600 мың жер үй, 972 мың пәтер салынбақ. Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында 10 млн шаршы метр баспана, яғни, 100 мыңнан аса пәтер салынады. Осының ішіде мемлекет қаражаты есебінен 1,3 млн шаршы метр, яки, 28 мың пәтер салынады»,-деп мәлім етті Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өткізген Жайымбетов.

Бұған дейін хабарланығымыздай, Қазақстанда енді әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларға арнап сатып алу мүмкіндігі қарастырылмаған арендалық баспана салына бастайды. Бұл мақсатқа жыл сайын 25 млрд теңге бөлінеді деп көзделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар