14 желтоқсанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 14 желтоқсан күні өтетін маңызды оқиғаларға шолуды ұсынады.

АСТАНА

Сағат 10:00-де «Қазақстан» ОКЗ-да «Туған жер! Туған Тіл! Туған ел!» Қазақстан Патриоттары Форумы өтеді. Форумның басты мақсаты Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында белгіленген идеялардың аясына патриоттық күштерді біріктіру болып табылады. Форум жұмысына Қазақстанның барлық өңірлерінен 200-ден астам делегаттар қатысады деп күтілуде. Бұлар өз кәсібінің үздік мамандары, Отан игілігіне қалтқысыз қызмет етіп жүргендар, яғни дәрігерлер, әскерилер, өрт сөндірушілер, мұғалімдер, спортшылар, мәдениет қайраткерлері, жастар көшбасшылары, бизнес пен қоғамдық ұйымдардың өкілдері.

Сағат 11:00 кезінде «Назарбаев Орталығында» Тәуелсіздіктің құрдастарымен кездесу өтеді. Кездесуді «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалы өткізеді. Кездесу Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктермен, тәжірибемен, жоспарлармен, ойлармен алмасу мақсатында өткізіледі. Іс-шара барысында Тәуелсіздік құрдастарының елорданың мерейтойлық жылына орай «20 мейірімді іс» бірлескен науқанының басталуы туралы ел жастарына арналған үндеуі оқылады.

Сағат 14:00-де ҚР Парламент Сенатының кезекті жалпы отырысы өтеді.

Сағат 15:00-де Орталық коммуникациялар қызметінде шетелде жүрген азаматтарды қорғау мәселесіне байланысты Сыртқы істер министрлігінің қызметіне арналған баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады. Сонымен қатар СІМ өкілдері «Smart Travel» мобильдік қосымшасын таныстырып, оның басты мақсатын түсіндіреді.
Сағат 15.00 -де «Silk Way Center» бизнес-орталығында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі жанындағы Жастар ұйымдарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтеді.

Сағат 15:00 кезінде Бейбітшілік және келісім сарайында «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясының» қабылдануына 25 жыл» тақырыбында Қазақстанның діни бірлестік өкілдері жиналысының отырысы өтеді.

Сағат 15:00-де ҚР Ұлттық музейінде Мәжіліс депутаты М. Әшімбаевтың төрағалығымен «Қасиетті Қазақстан» жобасын жүзеге асыру барысын талқылау бойынша «Мирас» республикалық кеңесінің отырысы өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 10:00-де ҚР Ұлттық кітапханасында «Қазақ энциклопедиясы» баспасының 50 жылдық мерейтойына арналған «Ұлт рухын жаңғыртқан жарты ғасыр» атты конференция өтеді. Конференция барысында «Қазақ энциклопедиясы» атты анықтамалық пен «Мәңгілік ел» атты фотоальбом жинақтарының тұсауы кесіледі.
Сағат 11:30 кезінде Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жөнінде баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады. Шараға Алатау ауданының әкімі Шахмерден Рыспаев қатысады деп күтілуде.
Сағат 15:00-де Алматы тарихы музейінде Түрікмен қоғамдық-мәдени орталығының көрмесі ашылады. Бұл шараға қаладағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері, шығармашылық қауым мен қала тұрғындары қатысады деп күтілуде. Көрмеге келушілер түрікмен мәдениетіне тиесілі киім, музыкалық аспаптар және басқа да құндылықтарды тамашалай алады.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

14 желтоқсан күні сағат 12:00-де Көкшетауда Құқық қорғау қызметінің орталығы ашылады.

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

Сағат 11:00-де Ақтөбеде Тәуелсіздік күні қарсаңында «Дару жарығы» офтольмологиялық емханасының ашылуы болады.
Ал сағат 12:00 кезінде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған пәтерлер мен коттедждердің кілттерін табыс ету рәсімі өтеді.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ


Ертең сағат 15:00-де Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ҚР Денсаулық сактау министрлігінің және ОҚО әкімінің грамоталарымен жылдың үздік медицина мамандары марапатталады.

Соңғы жаңалықтар