14 жасар Гейтен Матараццо әлеуметтік желідегі ең танымал актер атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 14 жасар америкалық Гейтен Матараццо әлеуметтік желідегі ең танымал актер, ал канадалық орындаушы және модель Шей Митчелл ғаламтордағы мерейлі актриса атанды.

2016 жылғы әлеуметтік желідегі жетістігі  мен белсенділігі үшін  Shorty Awards сыйлығын табыс ету рәсімі кеше, жексенбіде Нью-Йоркте өтті.

Әлеуметтік желідегі ең танымал актер номинациясын жеңіп алған 14 жастағы Гейтен Матараццо «Қуылғандар» (Отверженные) мюзиклінде  Гаврош рөлін сәтті сомдады. Қазылар алқасының бағалауы бойынша, Матараццо қатысқан "Нетфликс" (Netflix) видео-сервисіндегі «Оғаш заттар» телехикаясы үлкен табысқа ие болған.

Канадалық орындаушы және модель Шей Митчелл ғаламтордағы ең табысты актриса атанды. Оның «Сүйкімді алдаушылар» ( Pretty Little Liars) телехикаясының аяқталуына орай өзінің жанкүйерлеріне арнап жасаған YouTube-тағы жолдауы 2 млн қаралымнан асқан. Сонымен қатар, оның YouTube-та жариялайтын аспаздық сабақтары үлкен қызығушылыққа ие.

Ал ғаламтордағы ең танымал жануар атағын Крузо атты ит жеңіп алды. Оның Канадада тұратын иелері таксаның әртүрлі қызықты видеоларын жариялап тұрады. YouTube-тағы Крузоның видеолары 44 млн қаралымды құрайды. 

Соңғы жаңалықтар