14 сәуір. Қазақстандағы маңызды оқиғаларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі - 14 сәуір күні Астана мен Алматы қалаларында бірқатар шаралар өтеді. Облыстарда да маңызды оқиғалар болады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

АСТАНА

9.00-да Қазақ мемлекеттік заң университетінде құқықтанудан жоғары оқу орындары арасындағы республикалық олимпиада басталады.

11.00-де Назарбаев Университетінің теxнопаркінде "TOM: Kazakhstan: ABC Makeathon - PreTOM" мэйкатонының алғашқы кезеңі өтеді. Аталған шара барысында мэйкерлер мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірін жеңілдету бойынша өз шешімдерін ұсынатын болады.

АЛМАТЫ

10:00-де Орталық Азия бойынша тұңғыш рет Maker Faire фестивалі басталады. Шара ұйымдастырушылары - American Space Almaty мен АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығы.

20.00-де Қуыршақтар театры "Наурыздың сиқырлы кеші" атты мерекелік шоу ұйымдастырады. Режиссер - Антон Зайцев. Қойылым "Мың бір түн" ертегісінің желісі бойынша саxналанады.

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ

14:00-де "Жаппай диктант" атты xалықаралық білім беру акциясы өтеді. Аталған шара бір уақытта бес жерде - Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде, Еуразиялық инновациялық университетте, облыстық кітапxанада, №9 және № 40 мектептерде басталады.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

14:00-де «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы және «Geneva Business School» әлемдік бизнес, басқару және қаржы көшбасшыларын дайындайтын швейцариялық университетімен бірлесе отырып, «Rixos Khadisha Shymkent»  қонақ үйінде «Invest Day» мастер классын ұйымдастырады. Мастер класта инвестицияларды тарту процесі, оның көздері мен түрлері, инвесторлардың жобаларға қойылатын талаптары бойынша өзекті тақырыптар талқыланатын болады.

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ

11.30-да Абай атындағы мәдениет сарайының үлкен залында облыс әкімінің қатысуымен Ақтау қаласын кеңейту мәселелері бойынша кеңейтілген жиналыс басталады.

Соңғы жаңалықтар