Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 15 °С
Алматы: 15 °С
USD 325.79 EUR 402.94
RUB 5.33 CNY 51.90
Жаңалықтар

14 қаңтар. ҚазАқпарат күнтізбесі: атаулы күндер, оқиғалар, есімдер

2018 жылғы 14 қаңтар 06:30 1232
Бөлісіңіз:
14 қаңтар. ҚазАқпарат күнтізбесі: атаулы күндер, оқиғалар, есімдер

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2018 жылғы 14 қаңтарға арналған күнтізбесін ұсынады.

14 қаңтар. ЖЕКСЕНБІ

Өзбекстанда Отан қорғаушылар күні. Бұл күнді тәуелсіз Өзбекстан өзінің қарулы күштерінің құрылған күні ретінде өтеді. Бұл мереке 1993 жылдың 29 желтоқсанындағы Республиканың Жоғарғы Кеңесi шешiмiмен 14 қаңтарға бекітілген.

Тайландта Ұлттық орман қорғау күні

Бұл күн мемлекет реттеп отыратын дәстүрлі мерекелер қатарына жатады. 1989 жылғы 14 қаңтарда Тайланд королі табиғатты қорғау саласындағы заңнамалық актілерге өзгеріс енгізуге бағытталған құжатты қабылдауы осы күнді мереке ретінде тойлауға негіз болды. Ондағы мақсат жұртшылықтың назарын ормандардың жойылуы және жаһандық жылыну мәселелеріне аудару болды.


ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1935 жылы Қазақ КСР Халық комиссарлары кеңесінің  қаулысымен Қазақ мемлекеттік филармониясы құрылды. 1938 жылы оған Жамбыл атауы берілді.

Филармонияның алғашқы көркемдік жетекшісі белгілі ғалым, композитор, көптеген қазақ музыкасы мен қазақтың халық әуендері туралы кітаптардың авторы Ахмет Жұбанов болды.  

1992 жылы Қызылорда педагогика институтына ежелгі түркілердің ұлы ақыны, әрі композиторы Қорқыт Ата есімі берілді.

1992 жылы 1992 жылы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың қаулысымен КИМЕП университеті құрылды. Республикадағы нарықтық экономиканы дамыту үшін білікті жұмыс күшіне қажеттілік бар екенін жақсы түсінген Мемлекет басшысы АҚШ ғалымдарының бірі Чан Йан Бэнгке Алматыда өзінің жаңа оқу орнын ашуды ұсынды. КИМЭП Униревситi оқытушылық құрамы қазақстандық және шетелдік оқытушылардан тұрады, олардың көпшілігі өздерінің магистрлік және докторлық дәрежелерін Еуропа мен Солтүстік Американың жоғары оқу орындарынан алған.

1993 жылы Қазақ мемлекеттік университетіне өзінің интеллектуалдық әлеуетін толық пайдалану мақсатында өзін-өзі басқаратын автономды мемлекеттік жоғары оқу орны мәртебесі беріліп, әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті деп аталды.

1994 жылы Елбасы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты құрылды.

1998 жылы Беларусь астанасы Минск қаласының бір көшесіне жазушы Мұхтар Әуезовтің есімі берілді.

1999 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабы «Атамұра» баспасынан қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді.

2006 жылы Мәскеудің «Русский раритет» баспасы «Ғасырлар даналығы» сериясы аясында қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың өлеңдер жинағын шығарды. 
Жинақты баспаға әдебиет зерттеушісі Сәуле Мансұрова дайындаған.

2006 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының «Төтенше жағдай туралы» заңдарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңдарға қол қойды. Құжат төтенше жағдайдың құқықтық режимін жетілдіруге бағытталған.

2008 жылы Өскеменде танымал қазақ жазушысы Медеу Сәрсекенің қатысуымен оның «Ебіней Бөкетов» атты кітабының таныстырылымы өтті. Онда кітаптың басты кейіпкері - Ебіней Арыстанұлы Бөкетов жайында қызықты әңгіме өрбіді.

2008 жылы Алматыдағы қазақ тілінде оқытылатын №173 гимназияға қазақтың белгілі қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайдың есімі берілді.

Мұстафа Шоқай 1889 жылғы желтоқсанның 25-інде Қызылорда облысы Шиелі ауданының Сұлутөбе ауылында дүниеге келген. Мұстафа Шоқай - Алаш қозғалысы қайраткері, Түркістан өлкесі халықтарының азаттық күресі жетекшілерінің бірі, публицист.

2008 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Финляндия Республикасының Үкіметі арасындағы инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Даму Банкінің арасындағы техникалық көмек туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына қол қойды.

2009 жылы Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Иіркөл ауылында жаңа клуб пайдалануға берілді. Аудандық бюджеттен әлеуметтiк объектiнің құрылысына 6 млн. 500 мың теңге бөлінді. Клубта 200 орындық көрермен залы, кітапхана бар.

2010 жылы «Тобыл» футбол клубы www.fc-tobol.kz адресі бойынша өзінің ресми сайтын ашты.

Клуб жанкүйерлері сайт форумында пікір алысып қана қоймай, клуб ойыншыларын туған күндерімен құттықтай алады. Сайт модераторлары әрбір құттықтаудың тиісті жеріне жеткізілетініне кепілдік беріп отыр.

Сайтта сондай-ақ онлайн-конференция жұмыс істейді. Ал команданың кезекті ойынын өткізіп алған немесе ойыннан алған әсерін қайта еске түсіргісі келген жанкүйерлер үшін бейне және фотогалерея орналастырылған.

2010 жылы Алматыда үкіметтік емес ұйымдардың 2010 жылға арналған «Он екі: ойлар, жобалар, ҮЕҰ-лар, сүйкімді тұлғалар» деп аталатын алғашқы күнтізбесінің таныстырылымы болды.

Қабырғаға ілінетін күнтізбеге еліміздің үкіметтік емес ұйымдарының 12 танымал тұлғасы мен көшбасшылары енгізілген. Олардың қатарында «Астана - ҮЕҰ қолдау орталығы», Қазақстан дағдарыстық орталықтарының одақтары, «Таңсәрі» балалар театры және тағы да басқа ұйымдар мен орталықтар бар. Сонымен қатар басылымға ірі қоғамдық ұйымдардың мекен-жайлары мен сайттары енген.

Күнтізбе Қазақстан Жастар медиа одағының бастамашылығымен және «Колесо» идеялар үйінің қолдауымен жарық көрді.

2010 жылы Алматы қаласындағы Мұқан Төлебаев атындағы №5-ші музыкалық мектебінің «Іскер» ұлдар хоры Испанияның Ллоред де Мар қаласында өткен би және музыка халықаралық фестивалінде Гран-при жүлдесінің иегерлері атанды. Арнайы сыйлықтармен ең үздік вокалдық жұмысы үшін Нури Ким және көрермендер көзайымы сыйлығымен Костя Данилов марапатталды.

«Іскер» хоры 1984 жылы құрылған. Оған 8 жастан 24 жасқа дейінгі балалар қатысады. Репертуарларында қазақ, орыс, батыс еуропалық композиторлардың классикалық шығармалары, джаздық, сонымен қатар фольклорлық және бүгінгі заман музыкалары бар. Хор, әсіресе қазақтың халық музыкасын насихаттап келеді. 1997  жылдан бері «Іскер» Ресейдің «Юность планеты» деп аталатын халықаралық ұйымының мүшесі. Ал, 1999 жылдан Германияның «Интеркультур» және «Музыка Мюнди» халықаралық ұйымының мүшесі болып табылады.

2010 жылы Алматыда 2012 жылы Қазақстанда алғаш рет өтетін Паралимпиада ойындарына дайындық басталды.

Шараның мақсаты - жаңа спорт түрлерін дамыту, спорт арқылы зерделі қабілеттіліктері шектелген балалар мен ересектерді әлеуметтендіру, және қоғамның оларға деген қарым-қатынасын өзгерту, халықаралық бiрлестiктерде Қазақстанның мәртебесiн нығайту.

2010 жылы Австрия астанасында ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің инаугурациялық мәжілісінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың мәжіліске қатысушыларға үндеуі жария етілді.

Қазақстандық төрағалықтың ұраны төрт «Т» - «траст» (сенім), «традишин» (дәстүр), «транспаренси» (транспаренттік) және «толеранс» (төзімділік) болады.

Біріншісі бір-бірімізге деген бізге аса қажетті сенімді білдіреді.

Екіншісі ЕҚЫҰ-ның негізгі қағидаттары мен құндылықтарынан тұрады.

Үшіншісі - халықаралық қарым-қатынастарда «қосарланған стандарт» пен «жіктеу шектерінен» азат, барынша ашықтық пен транспаренттік. Қауіпсіздікке төнетін қауіп пен қатерлерді еңсеруде сындарлы ынтымақтастыққа ұмтылу.

Ал төртіншісі - бүгінгі әлемде барған сайын маңызы артып отырған мәдениеттер және өркениеттер арасындағы диалогты нығайту жөніндегі жаһандық трендтің көрініс табуы.

2012 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Борис Эйфманға Қазақстан үшін шығармашылық мамандар даярлаудағы аса үздік еңбегі, Қазақстан мен Ресей мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын дамытуға қосқан зор үлесі үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын берді. Борис Эйфман - ресейлік хореограф, балетмейстер, Санкт-Петербург мемлекеттік академиялық балет театрының көркемдік жетекшісі.

2012 жылы Алматы қаласының барлық кітапханаларында Қазақстанның көрнекті мемлекеттік және қоғам қайраткері, 3 мәрте Социалистік Еңбек Ері, академик Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 100 жылдығына арналған көрме өтті.

2013 жылы алғаш рет қазақстандық пианиношы қыз Хадиша Оңалбаева Steinway Artist құрметті атағына ие болды

2013 жылы Мемлекет басшысы «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» ҚР Заңына қол қойды.

2013 жылы қазақ әдебиеті тарихында өшпес із қалдырған Сара Тастанбекқызының өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін кітап жарыққа шықты. Бұл жинаққа ақын Сараның өлеңдері мен айтыстары, сонымен қатар өнерпаз қыздың өнері мен өмір жолын арқау еткен мақалалар, естелік әңгімелер, ақын өнеріне бас иген ақындардың өлең-жырлары топтастырылды.

2013 жылы «Астана энергия өткізу компаниясы» ЖШС құрылды.  Оның мақсаты елордадағы коммуналдық қызмет бойынша қарызды төмендету және тұрғындарға қызмет көрсету сапасын арттыру мәселесін шешу.

2015 жылы Астана қаласы әкімдігінің Балалар үйінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитеті «Қазпошта» акционерлік қоғамымен бірлесе отырып, «Қазақ ертегілерінің кейіпкерлері» тақырыбында «Балалар сурет салады» төрт маркалар топтамасын айналымға енгізу салтанатын өткізді.

Конкурсқа Қазақстанның барлық өңірлеріндегі балалар үйлерінің тәрбиеленушілерінің 200-ден астам суреттері қатыстырылды. Оның қорытындысы бойынша жеңімпаздар ретінде Жамбыл облысынан Талипов Дмитрий, Батыс Қазақстан облысынан Муштубаева Эльвира, Қостанай облысынан Сидоров Александр, Астана қаласынан Василенко Раиса анықталды.

Байқау Қазақстан Республикасының Балалар құқығын қорғау туралы конвенцияны ратификациялаудың 20 жылдығымен ұштастырылған.

2016 жылы Мемлекет басшысы   «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалы металдар мен асыл тастар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

2017 жылы Қазақстан өкілі Дмитрий Рейхерд фристайлдан Лейк-Плэсид қаласында (АҚШ) өткен Әлем кубогы кезеңінде жеңімпаз болды. Екінші орынды франциялық спортшы Бенджамин Каве, үшінші орынды америкалық Брэдли Уилсон иеленді.

2017 жылы Қызылорда облысындағы Сығанақ, Жанкент, Кескен-күйік, Шірік-Рабат, Бәбіш-мола, Жент, Баланды қалашықтары, Жетіасар мәдени ескерткіштері және Сауысқандық петроглифтері ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұраларының алдын ала тізіміне енгізілді.

1700 жылы I Петр ақсүйектерге еуропалық костюмдер киюді бұйырды.

1992 жылы Мәскеуде «Гармония» масон ложасы құрылды.

 2004 жылы Грузия 500 жыл бұрынғы тарихи туды ресми түрде қайта қолдана бастады.

2010 жылы Йемен «Әл-Каида» лаңкестік тобына ашық соғыс жариялады.

2014 жылы Футболшы Криштиану Роналду 2013 жылдың қорытындысы бойынша «Алтын доп» иегері атанды.


                                                                                                        ЕСІМДЕР


14 қаңтар. ҚазАқпарат күнтізбесі: атаулы күндер, оқиғалар, есімдер 114 жыл 
бұрын (1904-1974) суретші, КСРО-ның халық суретшісі, Өзбекстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ТАҢСЫҚБАЕВ Орал дүниеге келді.

Ташкент қаласында туған. 1929 жылы Пенза көркемсурет училищесін бітірген. Қылқалам шеберінің алғашқы шығармашылық еңбегі - «Көш» картинасы композициялық тұтастығымен ерекшеленеді. Ал «Туған өлке», «Қарақұм СЭС-індегі таң» және «Шарбақ құрылыстарында» атты туындыларында өркендеген өндіріс пен өмір көрінісін реалистік нақтылықпен бейнелеген. «Іле өзенінің аңғарында», «Таудағы күз» пейзаждық суреттерінде Қазақстанның әсем табиғаты мен өлке тынысын сырлы да қанық бояумен өрнектеген. Таңсықбаев театр декорацияларын да безендірген. Суретшінің көптеген шығармалары Қазақстан Мемлекеттік өнер мұражайында, Өзбекстанның өнер мұражайында, Мәскеу қаласындағы Шығыс халықтары өнері мұражайында, Мәскеу қаласындағы бұрынғы КСРО Суретшілер одағы қорында сақтаулы.

Ленин орденімен және медальдармен марапатталған.



14 қаңтар. ҚазАқпарат күнтізбесі: атаулы күндер, оқиғалар, есімдер 9
2 жыл бұрын (1926-2001) домбырашы, сазгер, термеші, халық композиторы Қазанғаптың күйшілік дәстүрін жалғастырушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері БАСЫҒАРАЕВ Бақыт Шаңбатырұлы дүниеге келді.

Қызылорда облысының Арал ауданында туған. Гурьев политехникалық техникумын бітіріп, ұзақ жылдар бойы Бұхара-Орал газ құбырында еңбек еткен. 13 жасынан домбыра тартып, Қазанғаптың шәкірті Қадіралы Ержановтан күйлер үйреніп, күйлердің ойнау тәсілін ойдағыдай меңгерген. Ол Құрманғазының, Дәулеткерейдің, Қазанғаптың, Динаның, Тәттімбеттің, Сүгірдің және басқа да күйшілердің 100-ден астам күйлерін, Әлиманың әнін, Батақтың Сарысының әндерін, Нұртуғанның термелерін, Сыр бойының мақамдарын орындаған. 80-ші жылдары Құрманғазы атындағы консерваторияда домбырадан дәріс оқып, кейінірек, Ахмет Жұбанов атындағы Ақтөбе музыка колледжінде домбыра сабағын жүргізді. Оның «Толқында», «Аманғосым, аман бол!» атты күйлері бар. Басығараевтың орындауындағы Қазанғаптың 16-ы күйі жазылған күйтабақ 1987 жылы Ташкентте жарық көрді.

«Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталып, «Түркістан және ұлы дала музыкасы» атты халықаралық фестивальдың бас жүлдесін алған.


14 қаңтар. ҚазАқпарат күнтізбесі: атаулы күндер, оқиғалар, есімдер 7
8 жыл бұрын (1940-1983) актер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі ЖАЙСАҢБАЕВ Есболған Ботабайұлы дүниеге келді.

Алматы облысы, Ақсу ауданында туған.

Қазақ драма театры жанындағы студияны, ҚазМУ-дің филология факультетін бітірген. 1960 жылы Қазақ драма театры әртістерінің негізгі құрамына қабылданды. Театр сахнасында алғашқы ойнаған рөлі - З.Шашкиннің «Заман осылай басталады» спектакліндегі Покудин.

Жайсаңбаев көбінесе комедиялық бейнелер сомдауымен көрермендер ілтипатына бөленді. Оның таңдаулы рөлдері - Хасен, Серке (Қ.Шаңғытбаев пен Қ.Байсейітов «Беу, қыздар-ай» мен «Ой, жігіттер-ай»), Сейіт (Ш.Айтматов «Аңсаған менің әнімсің» және Ғ.Мүсірепов «Ақын трагедиясы»), Дәуіт (Б.Майлин «Майдан»), Жапал (М.Әуезов «Еңлік-Кебек»), Махмұт (Д.Файзи «Башмачки»).

Табиғатынан аңқау, адал да ақкөңіл жандардың күлкілі қылықтарын көңілге ұялар тартымдылықпен кескіндеу - Есболғанның актерлік болмысына тән қасиет.

1976 жылдан бастап бірнеше фильмге түсті.


14 қаңтар. ҚазАқпарат күнтізбесі: атаулы күндер, оқиғалар, есімдер 6
2 жыл бұрын (1956-1996) жазушы СЫЗДЫҚ Мұрат дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, Алматы Жоғары партия мектебін бітірген. Ол түрлі газет-журналдарда жауапты қызметтер атқарған. 1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігі Баспа ісі жөніндегі басқармасының бастығы болған.

«Күміс сақал арыстан», «Әйбат бала», «Күн шығып келеді», «Жылдың соңғы айы» атты кітаптары бар.








14 қаңтар. ҚазАқпарат күнтізбесі: атаулы күндер, оқиғалар, есімдер 6
2 жыл бұрын (1956) «Нұр Отан» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары СҮЛЕЙМЕН Серік Кенжебекұлы дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданында туған. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін бітірген, ғалым-агроном, экономист. Еңбек жолын Жымпиты ауданы «Бұлдырты» кеңшарында жұмысшы болып бастаған ол 1979-1992 жылдары агроном, бас агроном, бас экономист, Жымпиты аудандық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары, бастығы қызметтерін атқарды.
1992-2005 жылдары Сырым ауданы әкімінің бірінші орынбасары, Қаратөбе ауданының әкімі, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеу­меттік қорғау басқармасының бастығы болды. 2005 жылдың қаңтарынан облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментінің директоры қызметін атқарды. 2007 жылы Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2014 жылдың ақпанынан қазіргі қызметте.

  


14 қаңтар. ҚазАқпарат күнтізбесі: атаулы күндер, оқиғалар, есімдер 54 жыл
 бұрын (1964) Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы РАХЫМБЕКОВ Ербол Мұхажанұлы дүниеге келді.

1989 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдап, заңгер мамандығына ие болды. Сот жүйесінде 1991 жылдан бастап халықтық судьяның міндетін атқарушы, халықтық судья, судья болып қызмет атқарды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 15 қарашадағы Жарлығымен Қарағанды облысының Нұра аудандық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды. 2000-2010 жылдар аралығында Қарағанды облысының Октябрь аудандық сотының құрамындағы Киров сот учаскесінің аға судьясы, Октябрь ауданының № 3 аудандық сотының судьясы, Октябрь ауданының № 3 аудандық сотының төрағасы, Теміртау қалалық сотының төрағасы, Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотының төрағасы лауазымдарында қызмет етті. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 9 қарашадағы Жарлығымен Солтүстік Қазақстан облыстық сотының апелляциялық сот алқасының төрағасы қызметіне тағайындалды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 2 шілдедегі Жарлығымен Ербол Мұхажанұлы Рахымбеков қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы қызметіне тағайындалды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 маусымдағы Жарлығымен Ербол Мұхажанұлы Рахымбеков Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды.


14 қаңтар. ҚазАқпарат күнтізбесі: атаулы күндер, оқиғалар, есімдер 40 жыл
бұрын (1978) Бас мүфти орынбасары (ҚМДБ мүфти наибы) МӘМБЕТБАЕВ Қайрат Жолдыбайұлы дүниеге келген.

Ол Алматы облысында дүниеге келген. 1993 жылдың қазан айында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жіберуімен Түркия республикасының Стамбул қаласында «Құран сауат ашу» курсында 1 жыл оқып қайтты. 1994 жылдың желтоқсан айында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан Мысыр Араб Республикасына діни білімін тереңдетуге жіберілді. Мысырда әл-Азхар университетінің әуелі «Сәнауи» институын, сосын «Ислам шариғаты» факультетін тәмамдап 2001 жылы елге оралды. 2001-2004 жылдар аралығында «Нұр-Мүбәрак» Ислам мәдениеті университетінде ұстаз болып жұмыс істеді. 2003-2005 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің Дінтану бойынша магистратурасын тәмамдады. 2005-2006 жылдар аралығында имамдардың білімін жетілдіру иниститутында ұстаз қызметін атқарумен қатар «Алтын қалам» баспасында бас редактор болып жұмыс істеді. 2007-2011 жылдар аралығында ҚМДБ-ның Үгіт-насихат және интернетппен жұмыс бөлімінің меңгерушісі. 2009-2011 жылдар аралығында ҚМДБ-ның аппарат басшысы қызметін атқарды. 2011-2013 жылдары Қайрат Жолдыбайұлы Астана қаласындағы Хазрет Сұлтан мешітінің бас имамы. 2011 жылдың 23 желтоқсаны күні Қайрат Жолдыбайұлы Бас муфтидің бірінші орынбасары болып тағайындалды.
«Ислам ғылымхалы», «Ақиқат шуағы», «Күдікпен күрес», «Дін мен діл», «Имани гүлі» еңбектерінің авторы.


14 қаңтар. ҚазАқпарат күнтізбесі: атаулы күндер, оқиғалар, есімдер 1
91 жыл бұрын (1827-1914) ресей географы, статистик, Орыс география қоғамының басшысы Петр СЕМЕНОВ-ТЯНЬ-ШАНСКИЙ дүниеге келді.












14 қаңтар. ҚазАқпарат күнтізбесі: атаулы күндер, оқиғалар, есімдер 10
7 жыл бұрын (1911-1998) кеңестік жазушы РЫБАКОВ Анатолий Наумович дүниеге келді.














14 қаңтар. ҚазАқпарат күнтізбесі: атаулы күндер, оқиғалар, есімдер 70
 жыл бұрын (1948-1981) атақты кеңестік хоккейші Валерий ХАРЛАМОВ дүниеге келді.














14 қаңтар. ҚазАқпарат күнтізбесі: атаулы күндер, оқиғалар, есімдер 5
5 жыл бұрын (1963-2010) кеңестік және ресей театр және кино актрисасы, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Анна САМОХИНА дүниеге келді.

 

 


Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
Мұрағат