13 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 13 желтоқсан күні республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек батыста, солтүстікте және шығыста көбіне қар түрінде жауын түседі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын және желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Жамбыл облысының жекелеген аумақтарында тұман түсіп, түнде желдің екпіні 15-20 м/с артады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын көтеріліп, желдің жылдамдығы 5-20 м/с күшейеді.

 

Соңғы жаңалықтар