13 желтоқсан күні өтетін маңызды оқиғаларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 13 желтоқсанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу жасайды.

АСТАНА

Сағат 09:45-те Астана қаласы әкімінің орынбасарының, прокурорлардың, Астана қаласы ІІД өкілдерінің, сонымен қатар, Бас Прокуратураның жанындағы құқыққорғау Академиясының жетекшілерінің қатысуымен ведомствоаралық отырыс өтеді. Отырыстың тақырыбы - «Жасөспірімдердің қылмысының алдын алуды жаңарту».

Сағат 10:00 кезінде Парламент Мәжілісінде пленарлық отырыс басталады.

Сағат 11:00-де ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің алаңында брифинг өтеті. Шара тақырыбы - «ҚР халқының онлайн санағының тұсаукесері». Өтетін орыны: Министрліктер үйі, 9 кіреберіс.

Сағат 12:20-да Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың қатысуымен Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихаты өтеді. Министр Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің 2017 жылдың 11 айының жұмыс қорытындысы мен 2018 жылғы жоспарлар туралы сөз қозғайды.

Сағат 15:00 кезінде ҚР мәдениет және спорт министрінің қатысуымен қоғамға маңызды әдеби туындыларды жеткізу бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысы басталады. Отырысқа Парламент Мәжілісінің депутаттары Мұрат Бақтиярұлы, Бейбіт Мамраев, Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов, Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Алан Әжібаев, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхан Аймағамбетов қатысады. Отырыстың өтетін орыны: Министрліктер үйі. 15 кіреберіс, 303 кабинет.

Сағат 16:00-де Ұлттық Академиялық кітапханада ҚР Мәденит және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының төрағалық етуімен туризм бойынша Кеңестің отырысы басталады. Кеңес жұмысының басты мақсаты туризмді дамыту бойынша ұсыныстарды әзірлеу, елдегі туризмді өркендетуге бағытталған мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру болып табылады.

Дәл осы уақытта Назарбаев орталығында республикалық дәстүрлі «Алтын тобылғы» байқауының жеңімпаздары марапатталады. Байқауды ҚР Тұңғыш Президент Қоры Қазақстан Жазушылар Одағымен, Мемлекеттік тілді дамыту Қорымен бірлесе отырып ұйымдастырған.

АЛМАТЫ

Сағат 09:00-де «RahatPalace» қонақ үйінде ҚР Ұлттық экономика министрлігі «Атамекен» ұлттық палатасымен бірге бизнес өкілдері мен шетелдік өкілдер үшін арнайы бизнес-форум өткізеді. Бизнес-форум аясында америкалық тарап тың технологиялардың тұсаукесерін өткізбек. Шараға Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және АҚШ елдерінің экономика, сауда жөнінде жауапты вице-министрлері қатысады. Қазақстандық делегацияны ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Бекешов бастайды.

Сағат 10:00-де «Almaty Towers» бизнес-орталығында KASE-тің дәстүрлі медиа-брифингі ұйымдастырылады. Жиында Қазақстанның биржалық нарығындағы статистикалық ақпарат жарияланады.

Сағат 10:00-де «Ғылым Ордасы» Ұлттық кітапханасында Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры, профессор Зиябек Қабылдиновтың «Астана тарихы» атты кітабының тұсаукесері өтеді.

Сағат 11:00-де «Парасат» кәсіподағында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жастар ұйымының рөлі» тақырыбында шара басталады.

Сағат 13:00-де әлеуметтік жобалар үшін IV қазақстандық байқаудың жеңімпаздарының марапаттауы ұйымдастырылады. Шараның өтетін орыны: SmArt.Point (Байзақов көшесі 280), 2 қабат, амфитеатр.

Сағат 15:00-де Алматы қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша баспасөз мәслихаты басталады. Бостандық ауданының әкімі Бекқали Торғаев аудан аумағында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы баяндайды.

Сағат 16:00 кезінде Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде «Қазақстан келбеті» атты ғылыми каталогтың салтанатты тұсаукесері өтеді.

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бірқатар салтанатты шараларға қатысады. Атап айтқанда, Мәртөк ауданының Сарыжар орта мектебін, «Сымбат» мектеп-интернаты мен Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-дің  студенттер жатақханасын ашу жоспарланған.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

ОҚО Арыс қаласына арнайы баспасөз туры ұйымдастырылады. Онда тілшілер 800 басқа арналған «Қазына жер Ltd» ЖШС ірі тауарлы сүт фермасының жұмысымен танысатын болады. «ҚазАгро» ұлттық холдингінің желісі бойынша Ұлттық қордың есебінен қаржыландырылған инвестициялық жоба Канада, Украина және Қазақстаннан асыл тұқымды сауынды мал басын сатып алу арқылы екі кезең бойынша іске асырылған. Аталған  жоба жемшөп өндірісін дамыту шеңберінде қаржыландырылған.

Соңғы жаңалықтар