13 жастағы қызын пышақтаған әйел қамауға алынды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Сот өз баласына пышақ салған 32 жастағы әйелді қамауға алуды санкциялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған іс бойынша ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлігі және 99-бабы 1-бөлігімен («Адам өлтіруге оқталу») сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілген. 

«Сот күдіктіге қатысты қамауға алуды санкциялады. Аталған факт енді ҚР ҚК 106-бабы «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру» бойынша қаралады», - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Қостанайлық 32 жастағы әйел мас күйінде 13 жасар қызына пышақ салды.  Ал облыстық балалар ауруханасының бас дәрігерінің міндетін атқарушы Игорь Белобржицкийдің айтуынша, қазір бала жан сақтау бөлімінен хирургиялық бөлімге көшірілді.

«Баланың денсаулығы бірқалыпты. Алайда, оған күтім керек. Екінші жағынан, ол психологиялық соққы алды. Оның жанында туған ағасы қарайласып отыр», - деді дәрігер.

Соңғы жаңалықтар