13 сәуірде оңтүстік өңірлерде күн суытып, жаңбыр жауады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), оңтүстік және оңтүстік-шығысының кей жерлерінде қатты жаңбыр  жауады, деп хабарлайды  Қазгидромет.

Республиканың оңтүстігінде найзағай жарқылдап, бұршақ  жаууы мүмкін. Кей жерлерінде жел күшейіп,  тұман түседі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, кей уақытта 30 м/с болады.

 Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

 Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал, күндіз шаңды дауыл, жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман болып, күндіз желдің жылдамдығы  15-20 м/с жетеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында, түнде Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Соңғы жаңалықтар