13 сәуірде Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі сәуірдің 13-де күні елімізде өтетін маңызды оқиғаларға шолу ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

АСТАНА

Сағат 11.00-де ҚР Ұлттық музейінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының бір жылдығына арналған көрме өтеді.

Сағат 12.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде Маңғыстау облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру туралы баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 15.00-де Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекеттік қызмет жағдайы туралы алғашқы ұлттық баяндама» тақырыбына арналған баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халық Қаһарманы генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевтың жеке қорының ашылуы өтеді.

Сағат 15.00-де Еуразиялық гуманитарлық институтында (Абылай хан даңғылы 18/1) «ЕАГИ аруы -2018» байқауы өтеді.

Сағат 15.00-де Астана қаласының әкімдігінде (Бейбітшілік көшесі, 11, 2 қабат, кинозалы) «Астана адалдық алаңы» жобасы шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы ұсынған жемқорлық қылмыстарды алдын алу туралы міндеттерді орындау бойынша мәжіліс өтеді.

Сағат 16.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Қайырымдылық қадірлі іс» тақырыбында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының қатысушысы, «Клуб добряков» еріктілер қозғалысының негізін салушы Гүлмира Әбдірашевамен кездесу өтеді.

Сағат 16.00-де Астан қаласы әкімдігің алаңында Әдеп бойынша кеңес отырысы өтеді.

Сағат 16.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан ғылыми қызметкерлерінің күніне арналған баспасөз конференциясы өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 10.00-де №5 мектеп гимназиясында ЮНЕСКО-ның Алматыдағы бюросы және «Қазақстан-Үнді қоры» қорының «Халықаралық диалог» кластерлі жобасы шеңберінде «Мәдени диалог» фестивалі өтеді.

Сағат 10.00-де ҚР Орталық мұражайында «III-ші Арғынбаев оқуы» халықаралық ғылыми практикалық конференциясы өтеді.

Сағат 10.00-де «Алматы» қонақүйінде VIII халықаралық ғылыми практикалық конференция жұмысын бастайды.

Сағат 10.00-де ҚР Президенті архивінде құжаттама және мұрағат істері бойынша III студенттік олимпиада өтеді.

Сағат 10.00-де Алматы құрылыс және халықтық кәсіп колледжінде «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы дала қазынасы» партиялық жобасы бағдарламасы шеңберінде «Ұлы Дала дәстүрін жаңғырту» тақырыбында салтанатты шара өтеді.

ҚОСТАНАЙ

Сағат 12:00-де Ш.Қабылбаев атындағы ҚР ІІМ Қостанай академиясында самбо күресінен ҚР чемпионатының ашылу салтанаты өтеді. Жарыс екі күнге созылады. Бұл жолғы ел чемпионаты академик Шайсұлтан Шаяхметовтің құрметіне арналды.

АҚТӨБЕ

Сағат 15:00-де Ақтөбе облыстық музейі Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында зерделенген құндылықтар шеңберінде «Ақтөбе облысындағы діни қайраткерлер мен діни нысандар» атты облыстық ғылыми конференция өткізеді.

Соңғы жаңалықтар