«13 километр» деректі фильмі Ресейден жүлделі оралды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген «13 километр» деректі фильмі Екатеринбург қаласында қазанның 1-і мен 5-сі аралығында өткен ХХVІІІ «Ресей» деректі кино фестивалінде қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фильмнің режиссері - Владимир Тюлькин. Аталған деректі фильм Серік Боданбаев есімді зағип туралы баяндайды. Фильмнің кейіпкері өзінің шыдамдылығы мен табандылығының арқасында үлкен шаруа қожалығының иесі болып отыр. 
null 

Биыл «Ресей» деректі кино фестиваліне қатысуға 10 елден 280 тапсырыс келіп түскен екен. Нәтижесінде негізгі байқауға Ресей, Қазақстан, Эстония және басқа да елдерден 31 фильмдер  іріктелген. Бұл байқауға деректі киноның шеберлері - Иван Твердовский, Владимир Тюлькин, Андрей Осипов, Татьяна Скабард, Сергей Головецкий, Сергей Дебижев, Борис Караджев және дебютант режиссерлар қатысты.

Қазылар алқасы қатарында Ресейдің танымал өнер қайраткерлері болды, олар: Ленин сыйлығының иегері, РФ еңбек сіңірген өнер қайраткері, режиссер және сценарист Тенгиз Семёнов (төраға), режиссер және сценарист Галина Леонтьева , «Кино-Сибирь» киностудиясының басшысы, режиссер Евгений Соломин, киносыншы  Валерий Фомин және кинооператор, РФ еңбек сіңірген өнер қайраткері Евгений Цигель. 

Фестивальдің бас жүлдесін режиссер Татьяна Скабардтың «Последний парад «Беззаветного»  фильмі иемденді.  Ең үздік толықметражды фильм аталымы «Приходи свободным» (режиссер Ксения Охапкина, Таллин) картинасына берілді, ал үздік қысқаметражды фильм деп режиссер Анна Каторнинаның (Санкт-Петербург) «Поморские жонки» танылды.  Ал көрермендер көзайымы жүлдесі  - «Последний вальс» (режиссер Юлия Бобкова, Москва) фильміне берілді. Фестивальдің арнайы жүлдесін «Жизнь с бактериями» (режиссерлері Станислав Ставинов және Андрей Тимощенко, Краснодар) фильмі иемденді. Операторлық шеберлігі марапаты «Приходи свободным» фильмінің операторлары  Виталий Афанасьев, Максим Дроздов и Ксения Охапкинаға берілді. 
null 

Соңғы жаңалықтар