«123456» әлемдегі ең көп қолданылатын құпия сөз ретінде қалуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Keeper Security компаниясының мамандары әлемдегі ең көп қолданылатын құпия сөз қайтадан «123456» сандар тізбесі болғанын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру-ға сілтеме жасап.

Сарапшылар 2016 жылы құпия ақпараттардың бұзылып, жария етілген ірі жағдайларына талдау жасады. Анықталғандай, «123456» жасырын сөзін интернетті қолданушылардың 17 пайызға жуығы қолданады екен. Бір жылда құпия сөздердің бұзылуынан барлығы 10 млн.-нан астам адам  зардап шекті.

Ең көп қолданылатын комбинациялардың қатарына сондай-ақ, «123456789», «qwerty», «12345678», «111111», «password», «123123», «123321», «google», «987654321» және «666666» кіреді.

Мамандардың айтуынша, осындай құпия сөздердің арқасында алаяқтарға көп бас қатырудың қажеті де болмайды. 

Соңғы жаңалықтар