120 жыл бұрын алынған кітап мектеп кітапханасына қайтарылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританиядағы Херефорд мектебінің кітапханасына ХІХ ғасырдың аяғында алынған кітап қайтарылды. Кітапты уақытында қайтармағаны үшін кітапхана айыппұл салған да жоқ.

1886 және 1894 жылдары аралығында Херефорд мектебінің оқушысы Артур Бойкотт кітапханадан «Микроскоп және оның жаңалықтары» кітабын алған, деп жазады шетелдік БАҚ.

Дәл осы жылдары оның моллюскаларға арналған алғашқы ғылыми мақаласын жазғаны, кейінірек медицина докторы, Корольдік медицина қоғамының президенті болғаны белгілі. Алайда, ұмытшақ профессор кітапты сол күйі қайтармаған.

Ғалымның немересі Алиса Джиллетт көне заттарды ақтарып отырып, тауып алған кітабын мектепке қайтарды. Оған еш айыппұл салынған жоқ, егер кітапхана ережесіне сай айыппұлды талап еткенде, қаржы көлемі шамамен 7,5 мың фунт (шамамен 600 мың рубль) болар еді.  

Соңғы жаңалықтар