12 желтоқсандағы Қазақстандағы маңызды оқиғаларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 12 желтоқсан күні Қазақстанда болатын ең маңызды оқиғаларға дәстүрлі шолуын жасайды.

АСТАНА

Сағат 09-00-де Астана қаласының тілдері дамыту басқармасының ұйытқы болуымен ҚР Ұлттық мұрағатында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Алаш мұраты және рухани жаңғыру: сабақтастық пен жалғастық» атты дөңгелек үстел өтеді.

Сағат 10-00-де Астана қалалық мәслихатының депутаттары елордадағы экологиялық қауіпсіздік мәселелерін қарастырады.

Дәл осы уақытта еліміздің Парламентінің жоғары палатасында мүдделі мемлекеттік органдармен «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңын жүзеге асыруға арналған кездесу өтеді.

Бұл уақытта «Үкімет үйінде» Министрлер кеңесінің ортақ жиыны да басталады.

Дәл осы уақыттан араға жарты сағат салып Ұлттық музейде «Қазақстанның материалдық емес мәдени мұраларын зерттеу, сақтау мен насихаттаудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы дөңгелек үстел жұмысын бастайды.

Сағат 11:00-де Орталық коммуникациялар қызметінде «Qazaqstan» РТРК» АҚ басқармасының төрағасы Ерлан Қариннің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.

11:00-де «Marriott» қонақүйінде «Экономиканың жаңа моделі аясында білікті кадрлар дайындау: әлеуметтік серіктестермен сұхбат» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылады.

Сағат 12:20-да Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстанда жаппай спортты дамыту мәселелері сөз болады.

14-00-де «Park Inn» қонақ үйінде «Барша қазақстандықтарға арналған қолжетімді әрі сапалы білімді дамыту келешегі» тақырыбына арналған ұлттық семинар болады.

Араға бір сағат уақыт салып «Rixos President Astana» қонақүйінде «Ашық арна» жобасы аясындағы қорытынды қоғамдық талқылау өтеді.

Ал сағат 16:20-де Орталық коммуникациялар қызметінде «Орта білім беру мемлекеттік ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта дайындау» тақырына арналған баспасөз мәслихаты болады.

АЛМАТЫ

Сағат 10:00-де «Interсontinental Almaty» қонақүйінде «Қазына капитал менеджмент» АҚ бастамалары. Private equity нарығын дамыту» тақырында дөңгелек үстел өтеді.

Ал сағат 11:00-де Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының барлық филиалдарында «Зейнетақы жинағының сақталуына мемлекеттік кепіл» тақырыбына арналған ашық есік күні ұйымдастырылады.

Дәл осы уақытта Қазақстанда бейімді сырғанауды дамыту мәселесіне арналған баспасөз мәслихаты болады.

Араға жарты сағат уақыт салып Алматы қаласындағы өңірлік коммуникациялар қызметінде Бостандық ауданының әкімі Сайран Сайфеденов баспасөз мәслихатын өткізеді.

Қызылорда облысы

Сағат 11:50-де «Нұр Отан» партиясының хатшысы Ғабидолла Әбдірахымов Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барады. Сапар аясында ол партиясы төрағасының тапсырмаларының орындалуымен, сонымен қатар мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысымен танысатын болады.

Соңғы жаңалықтар