12 жасар бала Австралияның үштен бір бөлігін көлікпен жүріп өткен

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Полиция Австралияны көлікпен кесіп өткісі келген жасөспірімді ұстады. 

Бұл туралы The Sydney Morning Herald жазды.

Бұл оқиға туралы тәртіп сақшылары жексенбі, 23 сәуірде мәлім еткен. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері сенбіде таңертең Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының батысында бампері сүйретілген автомобильді тоқтатқан. Тексеру барысында рульде 12 жасар ұлдың отырғаны анықталды.

Бала Кенделл (елдің шығыс жағалауы) қаласынан Пертке (батыс жағалау) бағыт алғанын айтқан. Брокен-Хиллді тоқтатқанша ол өз бетінше 1300 шақырым жолды еңсерген.

Жасөспірімді тұтқындап, істің мән-жайын анықтау үшін полиция бөліміне жеткізілді. 

Соңғы жаңалықтар