12 сәуірде Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 12 сәуір күні елімізде өтетін маңызды оқиғаларға шолу ұсынады.

АСТАНА

Сағат 9.00-де «Park Inn» қонақүйінде «Қазақстандағы әйелдер құқығы: Мүмкіндіктер мен кедергілер» атты ауқымды конференция өтеді.

Сағат 10.00-де «Hilton Garden Inn Astana» қонақүйінде Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен «Ақпараттық қауіпсіздікті мониторингілеу орталықтарын құру және кибершабуылдарға қарсы іс-қимыл тәжірибесі» тақырыбында SOC-FORUM 2018 өткізіледі.

Сағат 11.00-де Назарбаев орталығында Мемлекет басшысының қатысуымен 100 жаңа кітаптың тұсауы кесіледі.

Сағат 11.00-де Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық даму істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Астана жастары» Жастар ресурстық орталығымен бірге Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының 1 жылдығына арнап флешмоб өткізеді.

Сағат 11.00-де Астана қалалық №9 емханада ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың төрағалық етуімен алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді дамыту тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

Сағат 12.20-да Қазмедиаорталықта Дүниежүзілік Тау-кен конгрессінің 25 жылдығына дайындыққа арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 14.00-де Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде ҚР Ғылыми-зерттеу институты мен ЖОО-дағы жас ғалымдар кеңесі төрағаларының қатысуымен ХIII халықаралық конференция өтеді.

Сағат 19.00-де Қазмедиа орталығының киноконцерт залында «Мен және менің ғарышым» тақырыбында Media talks III бейресми конференция өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 10.00-де Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ киностудиясында ҚР Парламент Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің көшпелі отырысы аясында «Кинематография туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заң жобаларын жетілдіру мен талқылау тақырыбында отандық киноиндустрия өкілдерімен кездесу өтеді.

Сағат 11.00-де Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінде «Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматын енгізу бойынша», «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру барысы тақырыбында» баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 14.00-де Rixos Almaty қонақүйінде «Қазақстандағы тікелей сату нарығы: Жағдайы, болжамы және әлеуметтік жобалар» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 16.00-де ҚР Орталық мемлекеттік мұражайында фотосуретші және саяхатшы Нұртаев Таймас Қуанышұлының «Жер планетасы: Бұл әлем қандай ғажап!» атты жеке фотокөрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

Сағат 19.30-да «Арман» киноорталығында «Бүгінгі француз киносы» кинофестивалінің ашылу салтанаты өтеді.

АҚТӨБЕ

Сағат 10.00-де Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде (АӨМУ) «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында арнайы ашылған кабинеттерге экскурсия жүргізіледі.

Сағат 10.30-да «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басты бағыттарына арналған көрме ашылады: «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлер географиясы, «100 жаңа есім» және «Қазақ тілінің латын қарпіне көшуі».

Сағат 11.00-де студенттердің, магистранттардың, аспиранттардың, докторанттардың және жас ғалымдардың қатысуымен «Жастар, ғылым және инновациялар» атты ХІV Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.

ҚЫЗЫЛОРДА

10:00-де Қызылорда қаласында велоспорттан жастар арасында көпкүндік Қазақстан Республикасының чемпионаты басталады.

ШЫМКЕНТ

Сағат 12:00-де өңірлік коммуникациялар қызметінде Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов өткен жылдың қорытындысы мен Елбасы жолдаулары аясында биылғы жылы атқарылатын жоспарлары туралы баспасөз мәслихатын өткізеді. 

Соңғы жаңалықтар