12 наурыз күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 12 наурыз күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу ұсынады.

АСТАНА

11.00-де Жапония елшілігінде "адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша әлеуметтік жобаларға қайтарымсыз көмек көрсету" бағдарламасы аясында 2017 жылы қаржыландыруға қабылданған  жеті жоба бойынша гранттық келісімшарттарға қол қою рәсімі өтеді.

12:20-да Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "Қазпошта" АҚ жұмысының қорытындысына және 2018 жылдың жоспарына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

16:20-да Орталық коммуникациялар қызметінде азаматтарды жедел әскери қызметке шақырудың көктемгі науқанына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

15:00-де Орталық коммуникациялар қызметінде "Президенттің 5 бастамасы: әлеуметтік мемлекеттің қазақстандық үлгісі" тақырыбына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

АЛМАТЫ

15:00-де Алматыдағы өңірлік коммуникациялар қызметінде мемлекеттік цифрландыру бағыты бойынша "Азаматтарға арналған үкіметтің" жаңа қызметтері және жоспарлары" тақырыбына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

Соңғы жаңалықтар