12 қаңтарға ауа райы болжамы: Ақмола облысының аумағында бұрқасын сақталады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 12 қаңтар күні Қазақстанның басым бөлігіне циклонның ықпалы сақталады. Кей жерлерде қар жауып, тұман, көктайғақ болады, желдің күшеюі, бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. 

Атап айтқанда, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнде Ақмола облысында оның екпіні 25 м/с жетеді. Жекелеген аумақтарда бұрқасын соғады, Қостанай облысында кей жерлерде тұман күтіледі. 

Түнде Қарағанды облысының басым бөлігінде, күндіз кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады, бұрқасын болжанады. 

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді, тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.  

Алматы, Маңғыстау облыстарының кей аумақтарында тұман, көктайғақ және 15-20 м/с екпіндегі жел болжанады. 

Қызылорда облысының кей жерлерін тұман басып, көктайғақ болуы ықтимал.  

 

Соңғы жаңалықтар