12 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде бұрқасын соғып, көктайғақ болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, жауын-шашын болады, тек Республиканың батыс аймақтарында жауын-шашын болмайды. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын  болып, жел  күшейеді.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі, түнде және таңертең  желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан  облысының кей жерлерінде - тұман, көктайғақ күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін, екпіні 23 м/с-ға дейін күшейеді.

Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. 

Атырау, Солтүстік Қазақстан  облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын болып,  желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. 

Алматы облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін, Жалаңашкөл ауданында екпіні  22-27 м/с-ға дейін күшейеді. 

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып,  желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін, екпіні 25 м/с, оңтүстік-батыс бөлігінде кей уақытта 30 м/с-ға дейін күшейеді.

Соңғы жаңалықтар