12 ақпанға арналған ауа райы болжамы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты  12 ақпан күні республиканың солтүстік-батысында кей жерлерде қар жауады. Оңтүстікте және оңтүстік-батыста аздаған жауын-шашын күтіледі. Қазақстанның  басқа аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде тұман мен желдің күшеюі болжанады, республиканың солтүстік-батысында жаяу бұрқасын болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Атап айтқанда, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында 18-23 м/с екпіндегі жел сақталады, түнде тұман болады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, 15-20 м/с жылдамдықта жел күтіледі.

Маңғыстау облысында тұман мен көктайғақ болжанады.

Қостанай облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын мен тұман күтіледі.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Солтүстік  Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, түнде Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде сондай-ақ тұманды болады.

 

 

Соңғы жаңалықтар