110 компания Global Oil&Gas Atyrau-2018 көрмесіне қатысып жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда Global Oil&Gas Atyrau-2018 17-ші Солтүстік Каспий өңірлік көрмесі өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іс-шараны ұйымдастырушы ҚР Энергетика министрлігінің, Атырау облысы әкімдігінің, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның, KAZENERGY қауымдастығының, "KazService" Қазақстанның Сервистік компаниялар одағының ресми қолдауымен Iteca Қазақстандық көрме компаниясы болып табылады. Бірнеше жылдан бері Global Oil&Gas Atyrau бизнес-кездесулер мен маңызды іс-шаралар өткізетін алаңға айналды.

Көрменің ашылу салтанатына ҚР Энергетика вице-министрі Болат Ақшолақов пен өңір басшысы Нұрлан Ноғаев, Ресей Федерациясының ҚР-дағы сауда өкілі Александр Яковлев және Iteca ЖШС директоры Юрий Бородихин қатысты.
null   

«Атырау өңірі жоспарлы әрі серпінді дамуда. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен облыста облыс экономикасын әртараптандыру тұрғысында жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Көрмеге қатысушыларға өз ризашылығымды білдіргім келеді, өйткені олар да экономиканың дамуына, кен орындарын дамытуға және әріптестердің арасындағы қатынастарды дамытуға өз үлестерін қосуда. Мұндай алаң барлық қатысушыларға олардың жұмыс бағыттарына қарамастан өз бизнесінің ауқымы мен шекарасын кеңейтуге мүмкіндік береді. Бүгінгі күні облыста мыңнан аса шетелдік және бірлескен кәсіпорындар жұмыс жасайды. Облыс әлемнің 50 елімен ынтымақтастықта», - деп атап өтті Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.

ҚР Энергетика вице-министрі Болат Ақшолақов мұндай іс-шараның мұнай-газ өндіру тарихы басталған Атырау облысының аумағында өтіп отырғанына қуантатын жеткізді.

null«Мұнай-газ саласы Қазақстан экономикасы дамуының қозғаушы күші болып қалады, сондықтан біз бәріміз оның серпінді және қарышты дамуына қызығушылық танытамыз. Көрмеге жүз елдің өкілдері қатысуда және барлығы өздерінің жаңашыл шешімдерімен бөлісе алады және жаңа іскерлік байланыстар орната алады», - деді Болат Ақшолақов.

Өнеркәсіптік жабдықтар мен мұнай-газ саласына барлық қажетті құралдар бар павильондарын Ұлыбритания, Беларусь, Ресей, Түркия, Әзербайжанның жүзден аса компаниясы көрсетті. Экспозициялардың саны өткен жылмен салыстырғанда 8 пайызға ұлғайды.

Global Oil&Gas Atyrau көрмесімен бірге көрме кешенінде AtyrauBuild-2018 құрылыс және интерьер көрмесі орналасқан, оған қатысушылар құрылыс, интерьер, жол құрылысы саласындағы жаңалықтарды таныстыруда. Көрменің барлық қатысушыларына өз өнімі туралы айтуға, жаңа келісімшарттар жасауға мүмкіндіктер берілді.

nullМұнан басқа іс-шара бағдарламасына Қазақстанның мұнай-газ саласындағы КТК (Каспий Құбыр консорциумы), NCOC, Ембімұнайгаз сияқты ірі қатысушылардың семинарлары мен тұсаукесерлері енгізілген. 

Көрменің әріптестері «Ембімұнайгаз» АҚ,  NCOC, «Каспий Құбыр консорциумы» АҚ болды. Көрменің бас әріптесі -биыл өзінің 25 жылдығын атап өтетін «Теңізшевройл» ЖШС.

Соңғы жаңалықтар