11 желтоқсан күні елдің басым бөлігінде қар жауады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 11 желтоқсан күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын (қар) күтіледі. Тек оңтүстікте, оңтүстік-батыста күн жауын-шашынсыз өтеді. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, жел күшеюі ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады. Шығыс Қазақстан облысында оның екпіні - 23-28, Ақмола облысында 25 м/с жетеді. 

Жамбыл облысының кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, желдің күші 15-20 м/с күшейеді. 

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман болып, жел 15-20 м/с артады. 

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. 

Түнде Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Алматы, Оңтүстік  Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады, Алматы облысының жекелеген аумақтарында көктайғақ күтіледі.

Соңғы жаңалықтар